Сұрақтарға жауаптар
- 1. Тұтыну кооперативі дегеніміз не?
Тұтыну кооперативі - бұл азаматтардың немесе заңды тұлғалардың, өздерінің материалдық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, мүліктік үлес жарналарын біріктіру жолымен құрылатын ерікті бірлестік.
Сонымен бірге Тұтыну кооперативі бейкоммерциялық ұйым болып табылады және пайда табуды мақсат етпейді. Бұл дегеніміз, Тұтыну кооперативі жұмыс барысында пайда көруді мақсат етпейтіндігін көрсетеді, сол себепті, Тұтыну кооперативі өз Үлескерлерінен ешбір сыйақы және пайыздарды талап етпейді.
- 2. Тұтыну кооперативінің қызметін қандай заңнама реттейді?
Тұтыну кооперативінің қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (41, 108-баптар), Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және Кооператив Жарғысымен реттеледі.
- 3. Тұтыну кооперативінің мүшесі кім бола алады?
18 жасқа толған азамат Тұтыну кооперативінің мүшесі бола алады.
Тұтыну кооперативі мүшелігіне үміткер, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады, Тұтыну кооперативіне кіру және қатысу бағдарламасын көрсете отырып, белгіленген үлгідегі Тұтыну кооперативіне кіру туралы өтініш толтыра отырып Тұтыну кооперативіне өз еркімен кіретіндігін және құрылтай құжаттарымен танысқандығын растайды.
Тұтыну кооперативінің кандидаты - заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылтай құжаттары және Тұтыну кооперативінің бірінші басшысының жеке куәлігі.
- 4. Тұтыну кооперативінің жұмысы қандай қаражат есебінен жасалады?
Тұтыну кооперативі, кооператив даму қорына төленетін мүшелік жарналары есебінен өз қызметін жүзеге асырады және дамытады. Даму қорына төленетін жарналды енгізу шарттары мен тәртібін үлескерлердің жалпы жиналысы белгілейді.
- 5. Мүшелік жарна дегеніміз не? Қашан төленеді?
Мүшелік жарналар кооперативтік қордың , оны дамытуға бағытталған жарналары болып табылады.
Кооперативтердегі мүшелік жарналар айына 10 000-нан 25 000 теңгеге дейін жетеді. Біздің кооперативімізде үлескерлер мүлікті сатып алған сәтке дейін 2000 тг мүшелік жарналарды төлейді.
- 6. Тұтыну кооперативтері мен екінші деңгейлі банктер арасындағы айырмашылық қандай?
Кооперативтің үлестік қоры Үлескерлердің қарызға жатпайтын жеке қаражат есебінен қалыптастырылады. Демек, кооператив Үлескерлер үшін барлық жылжымайтын мүлікті пайыздық төлемсіз сатып алатын болады. Тиісінше, Үлескерге арнап сатып алынған мүлік кез-келген банктердің ипотекасынан екі немесе үш есе тиімді.
Сондай-ақ, тұтыну кооперативі үшінші тұлғалардың (делдалдар, риэлторлар) қатысуынсыз тікелей жылжымайтын мүлік сатып алып, яғни Тұтыну кооперативі үшінші тұлғаларға мүліктік міндеттемелері жоқ және үлескерлерден қосымша шығындар алмайды.
Сондай-ақ, Тұтыну кооперативі арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алудың банктегі ипотекадан негізгі айырмашылығы оның қарапайымдылығы, ыңғайлылығы мен қолжетімділігі болып табылады. Ипотека несиесін алған кезде құжаттардың толық пакеті және біліктілік талаптары (несие тарихы, жұмыс орны және еңбекақы туралы ақпарат, төлем қабілеттілігі туралы ақпарат, мекен-жайы туралы ақпарат, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және т.б.) болуы қажет. Ал тұтыну кооперативі арқылы мүлігіңізді алатын болсаңыз, тек қана үлескердің жеке куәлігі мен сатып алынатын объектіге арналған заңды құжаттары ғана қажет.
- 7. Бастапқы жарнаны төлеу үшін қаражатым болмаса, не істеу қажет?
Егер біздің әлеуетті үлескерімізде алғашқы төлемді жүзеге асыруға жинақ болмаса, онда банк арқылы несие алуға кеңес берілмейді. Бұл жағдайда, бізде «Жинақтау бағдарламасы» бар, ол жерде сіз кооперативке кіру үшін, кооператив даму қорына төлем және 30 000 теңгеден бастап немесе одан да жоғары «бастапқы жарна салымын» саласыз.
Енді ай сайын 30000 теңгеден және одан жоғары салым салу арқылы сіз өзіңіздің алғашқы үлес жарнаңыздый жинай аласыз.
- 8. Үлескерге қандай мерзімде жылжымайтын мүлік сатып алынады?
Тұтыну кооперативі өз үлескерлеріне арналған жылжымайтын мүлікті кезек бойынша сатып алады. Әрбір Үлескер Тұтыну кооперативінің ресми сайтында өзінің жеке бөлмесінде өз кезегін және оның қозғалысы туралы ақпаратты тексере алады.
Кезек өзгертуге келмейді.
Кооператив қызметінде белсенді түрде қатысатын Үлескерлер, сондай-ақ «Белсенді Үлескер» атағын алғандар үшін жылжымайтын мүлік кезектен тыс сатып алынады.
- 9. Тұтыну кооперативі арқылы қандай мүлікті сатып алуға болады?
Кооперативтің талаптарына сай келетін кез келген тұрғын үйді немесе коммерциялық жылжымайтын мүлікті Кооператив сатып алады:
Тұтыну кооперативі үлескерлер үшін сатып алынатын барлық жылжымайтын мүлік пайдалануға тапсырылған және техникалық төлқұжаті болуы қажет. Егер қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік болса, пайдалануға тапсырылған күннен бастап 60 жылдан аспауы қажет. Саман, қамыс, шпал, қалқаннан, шлактан жасалған жер үйлер сатып алынбайды.
Сатып алынатын коммерциялық жылжымайтын мүліктің құрылыс материалдары, мүліктің құжаттамасы және құрылыс кезеңіне де сондай талаптар қойылады.
Объект, құқықтардың кез келген шектеулерінен (ауыртпалықтарынан) бос болуы тиіс, оның ішінде үшінші тұлғалардың құқықтарынан, қамауға алынбауы тиіс (тыйым салу) және оған меншік құқығы сот дауының нысанасы болмауы керек.
- 10. «Белсенді Үлескер» деген кім?
Белсенді үлескер – Тұтыну кооперативіне жеке өзі жаңа үлескерлер шақыратын, сол үлескерлердің бастапқы үлестік жарнасынан жиналған қаражат – осы үлескердің мәлімдеген боджамды бағалау құнын толығымен жабатын және осы үлескер таңдаған бағдарламада көрсетілген үлестік жарналардың толық төленуін ұйымдастыратын дербес үлескер.
Белсенді үлескер белсенділік мәртебесін растағаннан кейін кезексіз жылжымайтын мүлік объектісін ресімдеу сатысына көшеді.
Үлескерлер кооператив қызметіне белсенді үлескер ретінде қатысу шарттарын мұқият зерделеуі керек. Барлық сұрақтар бойынша кооперативтің ресми қызметкерлеріне хабарласуға болады.
АНЫҚТАМА;
1. Кооперативте агенттердің кооператив қызметі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілігі қарастырылған.
2.Кооперативке кіруге шешім қабылдаған кандидаттар кооперативтің ресми қызметкерлерінде кооперативтің кеңселерінде өздерін қызықтыратын мәселелерді нақтылай алады.
3.Агенттердің үлескерлерге кооперативтің қызметі туралы дұрыс емес ақпарат жеткізуінің барлық фактілері бойынша Кооператив жауапты болмайды. Ресми қызметкерлердің үлескерлерге кооператив қызметі туралы жалған ақпарат жеткізу фактілері бойынша Кооператив қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапты болады.
- 11. Жаңа үлескерлерді міндетті түрде шақыруым керек пе?
Кооперативке жаңа пайшыларды шақыру тұтыну кооперативіне қатысудың міндетті шарты болып табылмайды. Кооперативке кіру және жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу немесе өзге де материалдық игіліктер алу үшін өз кезегін күту жеткілікті. Бірақ кооператив қызметіне белсенді қатысатын және өздерінің туыстары, таныстары мен достары арасында кооперативтік саясатты белсенді насихаттайтын пайшылардың және бұл ретте "Белсенді пайшы" мәртебесін алған пайшылардың жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті кезексіз сатып алуға құқығы бар. Сонымен қатар, әр шақырылған пайшы үшін серіктестік бағдарлама бойынша сыйақы төлеу қарастырылған.
- 12. Мен бейресми түрде жұмыс жасасам, кооператив арқылы жылжымайтын мүлікті, автокөлікті немесе өзге де материалдық игілікті сатып ала аламын ба?
«Тұтыну кооперативі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының кез келген азаматы 18 жастан бастап Тұтыну кооперативінің мүшесі бола алады және сәйкесінше жылжымалы және жылжыматын мүлік ала алады. Бұл ретте кірістерді растау талап етілмейді! Тұтыну кооперативінің әрбір қатысушысы барлық жарналарды төлеуге өз мүмкіндіктерін саналы түрде есептеу қажет. Тұтыну кооператив үлескеріне жылжымайтын мүлікті сатып алғаннан кейін, қалған соманы ол Тұтыну кооперативіне белгілі бір уақыт ішінде бөліп төлеуге міндеттенеді. Үлескер төлем кестесін 3 айдан артық мерзімде төлем қабілетсіздігінен төлемеген жағдайда, үлескерге сатып алынған мүлік тәркіленеді және осы үлескердің жинақтаған жарналары үлескерге қайтарылады. Бұл жағдайда, үлескердің жылжымайтын мүлік объектісін тәркілеуге қатысты барлық шығындарды үлескер өзі көтереді.
- 13. Несие тарихы маңызды ма?
Кооперативке қосылу үшін несие тарихы, екінші деңгейдегі банктерде өтелмеген несиелердің бар жоғы маңызды емес.
Егер сізде өтелмеген несиелер, айыппұлдар бар болса, сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, онда біздің заңгерлер сізге тұтыну кооперативіне қатысуға және өзіңіздің мүлігіңізге кредиторлар тарапынан қандай да бір заңдық талаптарды уайымдамай орналасуыңызға болатын ыңғайлы нұсқасын таңдап береді.
Тұрғын үй кооперативінің қатысушылары көбінесе несие бойынша міндеттемелері бар немесе екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық несиесін ала алмаған адамдар болып табылады. Біздің Тұрғын үй кооперативінде шарттық міндеттемелерді өзара орындаған кезде, кез келген адам жылжымайтын мүлікке деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
- 14. Меншікті сатып алудан бұрын кооператив ұсынатын мүліктік игіліктердің болжамды құнын өзгерте аламын ба?
1-ден 70-ке дейінгі позицияда кезекте тұрған үлескер қалаған мүліктік игіліктердің болжамды құнын ұлғайта алмайды, бірақ жаңа үлескерлерді белсенді шақыру арқылы көрсетілген тұтыну кооперативінің бағдарламаларына белсенді қатысқан жағдайда, барлық ай сайынғы 30 000 теңгеден (үзбей) үлестік жинақтауларының болуы, үлескерлердің барлық жалпы жиналыстарында дауыс беруге қатысқан жағдайда, мүліктік игіліктердің болжамды мәлімделген құнын ұлғайтуға мүмкіндігі бар.
71 және одан жоғары (72,73,74 ...), позицияда кезекте тұрған үлескер,мүліктің болжамды мәлімделген құнын ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы. Ол үшін ол тұтыну кооперативіне тиісті өтінішпен жүгінеді. Тұтыну кооперативінің басқармасы мақұлдағаннан кейін үлескер жылжымайтын мүлік объектісінің жаңадан мәлімделген құнына бастапқы үлестік жарнасының жетіспейтін сомасын қосымша төлеуге міндетті.
Жинақтау бағдарламасындағы үлескерлер кезекке қою сәтіне дейін жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің болжамды құнын шектеусіз өзгерте алады.
- 15. Үлескерге пәтерді кім іздейді?
Сатып алынатын жылжымалы және жылжымайтыын мүлікті, сондай-ақ өзге де материалдық игіліктерді таңдау құқығы кооператив үлескеріне беріледі. Тұтыну кооперативі үшін объектінің орналасқан жері, объектінің нарықтық бағалау құны және жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттар ғана елеулі мәнге ие.
- 16. Меншік кімнің атына тіркеледі?
Біздің кооперативтің жарғысының 10.3-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілері ТК, ТК және үлескерлердің немесе үлескерлердің меншігіне, яғни кооперативтің қалауы бойынша, мүлікті кейіннен мүліктің толық құнын енгізгеннен кейін үлескерге қайта ресімдей отырып, ТК меншігіне сатып алуға болады. Бұл сатып алынған мүлік үшін төлем жасау, қарыздардың пайда болуын болдырмау бойынша неғұрлым пәрменді бақылауға ықпал етеді. Мұндай жағдайда мүлікті ТК меншігіне сатып алған жағдайда,ТК-нің мүлік салығын төлеу жөніндегі шығыстарын мүліктің меншік иесі ТК болып табылатын кезең үшін ТК жарғысының 10.11-тармағына сәйкес үлескер өтеуге тиіс.
- 17. Менің жинақтаған үлестік жарнамды сатуға, сыйға беруге, таратуға болады ма?
Қолданыстағы ҚР заңнамасына және Тұтыну кооперативінің Жарғысына сәйкес үлескер өз жинақтарын Тұтыну кооперативінің басқа мүшелеріне немесе үшінші тұлғаларға сатуға, табыс етуге немесе беруге құқылы. Бұл ретте, үлескер жылжымайтын мүлікті таңдау мен сатып алу кезегінде тұру құқығын жоғалтады немесе өз еркімен Тұтыну кооперативінің мүшелерінен шығады.
Әкімшіліктің жазбаша рұқсатынсыз өз кезегіңізді немесе жинақтарыңызды қолхатпен немесе ұқсас тәсілдермен беруге қатаң тыйым салынады.
Кандидаттардың назарына сіз адамдарға ақша сомасын берген және бұл адамдар ақшаны мақсатсыз пайдаланған немесе компанияның шотына аудармаған және т.б. жағдай туындаған жағдайда әкімшілік жауапты болмайды.
- 18. Сіз мүлікті сатып алудан бұрын кооперативтен шыққыңыз келсе?
Қолданыстағы Тұтыну коопертаві туралы заңнамаға және Жарғыға сәйкес Тұтыну кооперативі өз еркімен шығатын үлескердің төлеген барлық жарналарын қайтарады. Кооператив даму қорына төленген жарна қайтарылмайды.
- 19. Сізге жылжымайтын мүлік сатып алғаннан кейін сіз кооперативтен шыққыңыз келсе?
Егер үлескер мүлікті сатып алғаннан кейін кооперативтен өз еркімен шыққысы келсе, ол қарызды мерзімінен бұрын төлей алады немесе осы мүлікті сата алады. Бұл жағдайда кооперативтің оның жинақталған қаражатын қайтаруы осы жылжымайтын мүлік объектісі сатылғаннан кейін жүзеге асырылады және үлестік жарналар Тұтыну кооперативі алдындағы ақшалай міндеттемелер бойынша қарыздар мен осы жылжымайтын мүлік объектісін сатумен байланысты шығындарды шегере отырып қайтарылады.
- 20. Егер үлескер үшін мүлік нысаны әлі алынбаған болса, Кооперативтен шыққаннан кейін қандай уақыт ішінде үлес жинақтары қайтарылады?
ТК мүшелігінен өз еркімен шыққан тұлғаға, оның үлес жинақтары біржолғы төлеммен немесе ішінара (бөліктермен) алты айдан астам уақытта қайтарылады. Бұл ретте, тоқыраудың алдын алу мақсатында, мүлік сатып алынбаған және кооперативтен шыққан үлескердің жарналары қайтару жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісін алған және ол үшін ТК алдында есеп айырысатын үлескерлердің ТК үлес қорына түсетін қаражаттан ғана жүргізіледі.
Үлестік жарнаны қайтару мерзімі кооперативтен шығу туралы мәселе қаралған ТК-нің жалпы жиналысының шешімі қабылданған күннен бастап есептеледі.
Мысал: кооперативте 400 үлескер мүлік алды және олар үшін есептесуде. Енді орта есеппен әрбір үлескер ай сайын 70 000 теңгеден төлейді, демек, кооперативтің үлестік қорына ай сайын есептесушілерден 28 000 000 теңге түседі. Осылайша, айына шығатын үлескерлерге қайтару сомасы 28 000 000 теңгеге тең. Ал егер шығатын үлескерлердің қайтару сомасы 28 000 000 теңгеден асса, қалған төлем келесі айда жүргізіледі.
- 21. Егер сіз банкротқа ұшырасаңыз немесе кооперативті жабатын болсаңыз не болады?
Қолданыстағы заңнамаға және тұтыну кооперативінің жарғысына сәйкес, кооператив таратылған жағдайда оның қызметі тоқтатылуы мүмкін. Кооперативті тарату ТК мүшелері бірауыздан дауыс берген ТК жалпы жиналысының шешімі бойынша немесе ТК үлескерлерінің саны 5 адамнан аз болса ғана мүмкін болады (24.3.2-тармақ. ТК жарғысы).
Кооперативке банкроттық қаупі төнбейді, өйткені кооперативтің үлес қорынан бөлінентін барлық ақша міндетті түрде үлескерлердің ТК алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етуінің мүліктік кепілімен бөлінеді. Кепілге үлескер үшін сатып алынатын өтімді жылжымайтын немесе жылжымалы мүлік қабылданады. Барлық үлескерлер мүлікті сатып алу құқығын алады, оны таңдайды және рәсімдейді және жинақтауды кестеге сәйкес төлейді. Тұтыну кооперативінің белсенді қызметі болмаған кезде, сатып алынған мүліктер үшін ақша үлескерлерден ТК-не қайтарылады, бұдан басқа кезекте тұрған немесе жинақтаушы бағдарламадағы барлық үлескерлер ай сайын кемінде 30 000 теңге жинақ жасайды. Бұл ақша үлескерлерге кезек-кезек жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуға жұмсалады.
- 22. Менің ақшам жоғалтылмайтынына қандай кепілдіктер бар?
1) Тұтыну кооперативінің жұмысы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және Қазақстан Республикасындағы тұтыну кооперативі туралы заңнама шеңберінде;
2) Мемлекеттік бақылау;
3) Үлескерлердің жалпы жиналысы – Тұтыну кооперативінің жоғарғы органы;
4) ТК үлестік шоты - АҚ "Қазпочта" ;
5) Тұтыну кооперативінің үлестік қорындағы қаражаттың мақсаты – Тұтыну кооперативінің үлескерлеріне жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталған
6) Үлестік жарналарды қайтару кепілдігі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес);
- 23. Мен кооператив кезегінде тұрып үй тапқан жағдайда.
Кооперативтің кезегінде тұрған Үлескер, кооперативтен тиісті хабарлама алғанша қажетті мүлікті іздемеуі керек.
Тұтыну кооперативінің кезегінде тұрған үлескерлеріне, жылжымайтын мүлік объектілерінің Сатушыларымен мерзімнен бұрын уәде және кепілдік беруге, жылжымайтын мүлік объектісін Тұтыну кооперативі арқылы рәсімдеудің мерзімдерін белгілеуге, құқықтық қатынастарға түсуге болмайды.
Жылжымайтын мүлікті таңдап алу кезегінде тұрған Тұтыну кооперативі Үлескері, жылжымайтын мүлік Сатушылармен алдын-ала құқықтық қарым-қатынас орнату жағдайлары орын алуда. Сонымен қатар, олар Тұтыну кооперативі арқылы мүлікті тіркеу құқығын алу уақытын белгілеп, уәделер мен кепілдіктер беріп жүр. Біздің Үлескерлер Тұтыну кооперативінен мүлікті рәсімдеу туралы рұқсат хабарлама алмай тұрып, өздеріне баспана тауып алдын-ала кепілдік беретін жағдайлар да орын алуда, сол себепті біздің Үлескерлер тәуекелге бел буып өздеріне жағымсыз салдар тудыруып және теріс жағдайға түсуде. Жылжымайтын мүлік сатушысымен келісілген шарт мерзімінің аяқталуына байланысты, алдынала кепілдік ретінде төленген салым жоғалуы мүмкін.
Егер Тұтыну кооперативі үлескері өз еркімен түрлі құқықтық қатынастарға түссе, шартқа қол қойса, үшінші тұлғалармен мәмілелер жасаса, өз атынан уәде берсе, тұрғын үй кооперативі бұл ретте ешқандай жауапкершілік алмайды.
Үлескерлердің кезек сатысынан рәсімдеу сатысына өтуі Тұтыну кооперативі заң бөлімінің қатаң қадағалауымен жүргізіледі. Сондықтан, жылжымайтын мүлік объектілерін ресімдеу сатысындағы Үлескерлерден жылжымайтын мүлікті ресімдеу тәртібі мен нысандары туралы толық кеңес алу үшін Тұтыну кооперативі заңгерлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
- 24. Неліктен үлескер ай сайын 30,000 теңге төлейді?
(Сіздің жеке пайдаңыз) Сізге қажет, яғни жылжымайтын мүлікті таңдап алу кезегінде жүрген мезгілде, үлес салымдарын арттырғанда және сізге жылжымайтын мүлікті алғаннан киін, осыған орай кесте бойынша төлемдер әлдеқайда төмен болады. Бұл сізге экономика тұрғыдан тиімді.
(Ортақ пайда) Мысалы кооперативте 3000 адам тіркеулі тұр, олар айына кемінде 30 000 теңге көлемінде Үлес қорына салып, өз үлесін қосады. Демек, Үлес қорына ай сайын 9 миллион теңге түседі. Ал егер, осы тізімдегі кейбір адамдар 30 000 теңге емес, 100 000 теңгеге дейін төлейтін болса, біз Улесерлерге жылжымайтын мүлік сатып алуға қосымша қаржы көреміз.
(Сіздің жеке пайдаңыз) Үлес қорындағы қосымша қаражат – ол яғни кезекті жылжытуға қосымша жылдамдық береді.
- 25. Үлескерге жылжымайтын мүлікті сатып алып ол төлеуді тоқтатқан жағдайда не болады?
Жылжымайтын мүлік объектісін сатып алған үлескер ай сайын үлес жарналарын енгізудің жеке кестесіне сәйкес үлес жарналарын төлеуге міндетті. Үлестік жинақ шарты бойынша тиесілі сома төленбеген жағдайда тұтыну кооперативі шарт бойынша кепілмен қамтамасыз етуді өткізу рәсімін жүргізуге құқылы. Үлестік жарналарды 3 айдан артық төлемеген жағдайда Үлескердің жылжымайтын мүлік объектісі кері қайтарылады, үлескер шығарылады. Жылжымайтын мүлік объектісін өткізгеннен кейін оның шарттар бойынша берешегін және тұтыну кооперативі жылжымайтын мүлік объектісін шығару және өткізу кезінде шеккен шығындар сомасын шегере отырып, үлескерге оның үлес жарналары қайтарылады.
ТК-нің үлестік, мүшелік немесе басқа жарналарын енгізу тәртібін жүйелі түрде бұзу, жарналарды енгізу мерзімдерін бұзу немесе оларды 12 (он екі) ай ішінде үш реттен артық төлемеу, мерзімін өткізіп алу, тіпті әрбір толық емес төлемнің мөлшері елеусіз болса да, үлестік, мүшелік және өзге де жарналарды енгізу тәртібін жүйелі түрде бұзу деп танылады.
- 26. ТК арқылы екінші қайтара жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға болады ма?
Егер Тұтыну кооперативі мүшесі бірінші нысанмен толық есеп айырысқаннан кейін екінші жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік объектісін Тұтыну кооперативі арқылы сатып алуға ниет білдірген жағдайда, Тұтыну кооперативі Төрағасының атына Үлескер қалаған мәлімделген мүліктің бағдарлы құнын көрсете отырып белгіленген нысан бойынша Тұтыну кооперативі бағдарламасына қатысуға ниет білдіру туралы өтініш толтырылады. Тұтыну кооперативі Үлескері бірінші нысанмен есептеспеген жағдайда, Тұтыну кооперативі бағдарламаларына қатысуға құқығы жоқ.
- 27. Тұтыну кооперативіне кезекке қою тәртібі
Жылжымалы және жылжымайтын мүлікті алу бағдарламасына сәйкес, Үлескер мүшелікке өту үлестік жарнасын, бастапқы үлестік жарнасын төлеген жағдайда және Тұтыну кооперативі Үлескерінің толық құжаттар пакетін Тұтыну кооперативіне ұсынған жағдайда Үлескер кооператив кезегіне қосылады.
Егер Үлескер мүшелікке өту үлестік жарнасын, бастапқы үлестік жарнасын, ай сайынғы үлестік жарнасын төлемеген жағдайда, сонымен катар Тұтыну кооперативі Үлескерінің толық құжаттар пакетін ұсынбаған жағдайда, Тұтыну кооперативіне қосылу және Тұтыну кооперативінің кезегіне қою туралы өтініші қаралмайды.
Мүлікті сатып алу кезегіне тұрған үлескерлерді жылжыту егер үлескер «Тұтыну кооперативі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, ТК Жарғысында, ТК қызметі туралы ережесінде көзделген немесе кооператив жылпы жиналысымен белгіленген үлестік жарналарды, мүшелік жарналарды, нысаналы жарналарды және өзге де төлемдер мен жарналарды төлеуді кешіктірмеген жағдайда жүзеге асырылады.
Егер үлескер көрсетілген төлемдерді/жарналарды кешіктірсе немесе кешіктірілген/берешек жасалған кезеңге қарамастан және сомасына қарамастан, көрсетілген төлемдерді/жарналарды төлеу бойынша берешегі (уақытында немесе толық төленбеген жағдайда) болса, қарызды өтегенге дейін үлескердің кезектегі жылжуы тоқтатылады. Бұл жағдайда төмендегі кезекте тұрған, берешегі/бересі жоқ үлескер кезекпен көтеріледі және кезектегі қозғалысы тоқтатылған үлескердің үстінен «секіреді».
- 28. Қандай жағдайда Тұтыну кооперативі мүшесі дәрежесін жоғалтады?
Тұтыну кооперативі мүшелігі мынадай жағдайларда жойылады:
Тұтыну кооперативі мүшелігінен өз еркімен шығу;
Егер Тұтыну кооперативі үлескерінің басқа үлесжинағы болмаса және осы Жарғыда басқа да жағдайлар айтылмаса, Тұтыну кооперативі үлескерінің үлестерін толық мөлшерде төлеп болуы және тиісті жылжымайтын мүлік нысанының үлескер меншігіне өтуі;
Тұтыну кооперативі мүшесі болып табылатын азаматтың қайтыс болуы, ҚР Заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша қайтыс болды немесе із-түссіз жоғалды деп жариялануы;
Тұтыну кооперативінің жойылуы.
- 29. Егер адам қосылу кезінде бір уақытта барлық жарналар жасау мүмкіндігіне ие болмаса не істеу керек?
Егер Тұтыну кооперативі қатысушысы бір мезгілде барлық жарналарды төлей алмаса, олардың кезеңді төлеміне келесі тәртіпте жол беріледі:кооператив даму қорына төленетін жарна бірінші төлеммен төленеді, ал қалған жарналар (үлестік және ай сайынғы мүшелік) ай сайынғы жинақ ақшасымен төленеді, олардың сомасы үлестік жинақ келісім шартымен келісіледі.
- 30. ТК мүшелігі құрамынан өз еркімен шыққан жағдайда, жарналар қайда кетеді?
Үлескердің мәртебесі өз еркімен жойылса, Үлескер өз үлесін басқаруға (сатуға, сыйға тартуға, аударуға, айырбастауға және басқаларға) құқығы бар бірақ кооперативтің даму қорына төленген жарна қайтарылмайды.
- 31. Тұтыну кооперативі арқылы автокөлікті немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы бейне материалдарды ұсыну міндетті ме?
Тұтыну кооперативі қызметі туралы ережеге сәйкес: Үлескер үшін жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті алудың маңызды шарты, Үлескердің Тұтыну кооперативіне қатысуы туралы, оның сатып алған мүлкі бойынша Тұтыну кооперативінің мүмкіндіктері туралы уақытылы бейне материалдарды беру болып табылады. Бұл бейнелер жарнамалық мақсаттарда, елдегі халық арасында ортақ саясатты кеңінен тарату үшін қолданылады.
Үлескер көрсетілген мерзімде бейне материалдарды ұсынбаған жағдайда, Тұтыну кооперативі өз бейне операторын барлық қажетті жабдықпен Үлескердің тұратын қаласына жібереді және Тұтыну кооперативі шеккен барлық шығындар мен жол шығындары, Үлескердің үлестік жарналарынан ұсталады. Сонымен қатар, Тұтыну кооперативі осы Үлескердің барлық төлемдері мен льготаларын тоқтата тұруға құқылы.
- 32. Неліктен үлескерлердің жалпы жиналысына қатысып көтерілген сұрақтарға дауыс беру қажет?
«ELL QUATY» тұтыну кооперативінің қызметі кооперация туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.
Тұтыну кооперативі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес, Тұтыну кооперативіне жаңа мүшелерді қабылдау,Тұтыну кооперативі туралы Заңның және тұтыну кооперативінің жарғысымен белгіленген тәртіпте, жалпы жиналыстың шешімімен ресімделеді.
Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес: Тұтыну кооперативiнiң мүшесi өзiнiң жарғыда белгiленген мiндеттерiн дәлелсiз себептермен орындамаған не тұтыну кооперативiне залал келтiретiн қасақана әрекеттер жасаған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен тұтыну кооперативінен шығарылуы мүмкін. Тұтыну кооперативiнен шығарылған мүшеге тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi үлесi енгiзген мүлiктiк (пайлық) жарнасына бара-бар, осы Заңда белгiленген тәртiппен бөлiп берiледi.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Тұтыну кооперативінің жарғысы Тұтыну кооперативінің үлескерлеріне / қатысушыларына ай сайынғы жарналарын (үлес, мүше, мақсат) жасау міндетін, сондай-ақ кооператив қызметіне, оның ішінде сырттай дауыс беру кезінде қатысу міндеттерін жүктейді.Дауыс беру әр апта сайын жұма мен дүйсенбі аралығында өтеді. Егер дауыс беру нәтижесі 50% -дан жоғары болмаса, онда даус беру тағы да екі күнге ұзартылады, ал егер ұзартылғаннан кейінненде дауыс беру нәтижесі 50% дан жоғары дауыс жиналмаса онда дауыс беру жарамсыз деп саналады. Және күн тәртібіндегі мәселе келесі дауыс беруге ауыстырылды.
- 33. Мен басқа үлескермен алмасу арқылы кезегімді өзгерте аламын ба?
Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік объектілерін таңдау және сатып алу үшін кезектің жоғарғы позициясындағы үлескер, кезектегі позициясы төмен тұрған басқа үлескермен кезектегі позициялармен алмасу немесе жинақтау бағдарламасындағы үлескермен алмасу арқылы өзінің кезектегі позициясын өзгерте алады. Бұл жағдайда, позицияларын алмастырғысы келетін екі үлескердің жазбаша өтініштері қажет. Кооперативтегі үлескерлердің позициясын өзгерту Тұтыну кооперативінің Жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Тұтыну кооперативі қызметі туралы ережеге сәйкес, Тұтыну кооперативі үлескеріне кооперативтегі орнын күнтізбелік айда бір рет өзгертуге рұқсат етіледі.
- 34. Кооператив ұсынатын қосымша қызметтер үшін. БАҒАЛАР
1.
Қарыздың болуы / болмауы туралы анықтама беру
1 000 теңге
2.
ТК сайтында логин / парольді қайта беру, ауыстыру
2 000 тенге
3.
Жинақ, кепіл шарттарының телнұсқасын беру
3 000 тенге
4.
Үлескердің кестесіне және басқа құжаттарына өзгертулер енгізу
3 000 тенге
5.
Сайттағы кезекте үлескерлерді ауыстыру.
5 000 тенге
6.
Шыққан үлескер деректерінің орнына жаңадан келген үлескердің деректерін енгізу.
5 000 тенге
7.
Егер жылжымалы жылжымайтын мүлікті қайта ресімдеу мәмілесі ТК кінәсінен болмаса.
5 000 тенге
8.
Кепілді ауыстыру
20 000 тенге
- 35. 30000 теңге үлестік жарна мен 2000 тенге мөлшеріндегі мүшелік жаналардың және өзге де төлемдердің түсу мерзімдері
Үлескерге мүлікті сатып алғанға дейінгі үлестік жарнаның ең аз сомасы 30 000 (отыз мың) теңгені құрайды ал мүшелік жарна 2000 тенгені құрайды және оны үлескер ай сайын әр айдың "25"-не дейін енгізеді.
Үлестік жарнасын "25" - ке дейін төлемеген үлескер кезек бойынша жылжымайды, бірақ орнында қалады.
Үлескерлер төлеген жарналар тұтыну кооперативінің сайтында төлем жасалғаннан кейін 3-4 күн ішінде көре алады, өйткені бүкіл процесс бірнеше кезеңнен өтеді.Сондай-ақ жұма, сенбі және жексенбі күндері төленген барлық төлемдер банктің көшірмесінде тек дүйсенбіде ғана көрсетіледі.
- 36. Тұтыну кооперативінде өте тиімді Автобағдарлама қолданылады.
Оның қатысушысы 18 жастан асқан кез келген адам бола алады және құны 10 млн.теңгеге дейінгі ( сатып алынған автокөлікті кепілдікке қоя отырып). Автобағдарлама бойынша өзіңіздің ай сайынғы жарнаңызды копператив сайтында «Калькулятор» бөлімінде шамамен есептей аласыз.
Біздің ресми өкілдерден толық кеңес алып, Автобағдарламаға қатысыңыз.
- 37. Тұрғын үй бағдарламасынан Автобағдарламаға өтуге болама?
Тұрғын үй бағдарламасын таңдаған кооператив үлескерлері кооператив кезегінде бола тұра, бағдарламаны Автобағдарламаға кез келген сатыда ауыстыра алады. Автобағдарлама бойынша нәтижеге жылдам қол жеткізу мақсатында кооператив қызметіне белсенді қатысу және белсенді үлесккердің шарттарын орындау ұсынылады.
- 38. Белсенді шақырумен айналысатын үлескерлерге арналған ақпарат
Егер сіздің құрылымыңыздағы кеңесші кенеттен қандай да бір себеппен жобадан кетуді шешсе, онда бұл жағдайда ол сіздің құрылымнан шығып кетеді, ал оның құрылымындағы тұлғалар сіздің құрылымыңызда өз позицияларын сақтайды (құрылымы бойынша жоғары жылжытылмайды, дикомпрессия).
Бұл, сіздің шақырған тікелей адамыңыз шығып кеткен кезде, олар шақырған адамдар екінші жолда сіздің құрылымыңызда қалады және бірінші түзу жолға сіз жылжыта алмайды дегенді білдіреді.
- 39. Үлескерлердің жеке байланыс деректері.
Тұтыну кооперативінің барлық үлескерлері жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстырған, тұрғылықты немесе тіркелген мекен-жайы, электрондық мекен-жайы, телефон нөмірі өзгерген жағдайда Тұтыну кооперативіне жаңартылған ақпаратты немесе құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті. Кооперативтің қатысушысы бола отырып, Тұтыну кооперативінің әділет органдарына берген барлық мәліметтері сол мәліметтер берілген күні дұрыс және жаңартылған болуы тиіс.
Тұрмысқа шығуына байланысты, дәстүрге немесе т.б. жағдайда тег өзгерсе, жаңартылған жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін ұсынуды сұраймыз.
- 40. Тұтыну кооперативі үлескерлері үшін міндетті шарттар
Тұтыну кооперативінің әрбәр үлескері кооператив қызметінде болып жатқан барлық жағдайлар туралы хабардар болу үшін whatsapp мессенджеріндегі аймақтық чаттарға қосылуға міндетті. Бұл чатқа қосылу үшін Сіз аймақ өкілге немесе өзіңіздің тәлімгеріңізге хабарласуыңыз керек. Бұл чаттарда сізге кооперативте болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, өткізілетін мерекелік іс-шаралар, байқаулар, акциялар, онлайн дауыс беру нәтижелері, сондай-ақ Сізге қатысты ақпарат хабарланады . Егер де сіз ол чаттан өз еркіңізбен шығып кеткен жағдайда, чат әкімшілігі сізді екінші қайтара қоспайды және сіз кооперативте болып жатқан жаңалықтарды білу мүмкіндігін жоғалтасыз.
Кооперативтің ресми әлеуметтік желілері:
Инстаграм elquaty.kz
Телеграм EL QUATY
- 41. Банктерге қандай қатысымыз бар?
ҚР Азаматтық кодексінің 107-бап 2-б. сәйкес кез келген заңды тұлғаның банктік шоты болуы тиіс. Cол себепті біз "Қазпочта" АҚ филиалдарының бүкіл ел бойынша және барлық елді мекендерде болуына байланысты "Қазпочта" АҚ-да шот ашу туралы шешім қабылдадық.
Біз тек осы банктердің клиенттері болып табыламыз және олардың мүдделерін білдірмейміз.
Кооперативтің кеңесшілеріне АРНАЛҒАН АҚПАРАТ: кооператив кеңесшілері ережелер жиынтығына сәйкес жалған немесе дұрыс емес ақпарат бере отырып, адамдарды жаңылыстырған жағдайда кеңесшілерге әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қолданылады.
- 42. «Ресімдеу» позициясына ауысатын үлескерлерге арналған қысқаша қадамдық нұсқаулық:
«Ресімдеу» позициясына ауысатын үлескерлерге арналған қысқаша қадамдық нұсқаулық:
№ 1 қадам.
Дауыс беру.
ТК Үлескері ең алдымен кезекте тұрады, кезегі келген кезде «Рәсімдеу» кезеңіне өтеді. Кезекте тұрған кейбір үлескерлер белсенді үлескерлер болуы мүмкін. Кезектен «Рәсімдеу» кезеңіне ауысу үшін үлескер онлайн дауыс беру Хаттамасына енгізіліп, дауыс беру Хаттамасы оң нәтиже көрсетсе, үлескер «Рәсімдеу» кезеңіне өтеді.
№ 2 қадам.
Хабарлама.
Үлескерлерге Тұтыну кооперативінің рәсімдеу бөлімінен қоңырау шалып, өтінішке сәйкес жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті іздеу туралы хабарлау керек. Бұл қоңырауға дейін жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті іздеу бойынша ешқандай шара қолданбау және кепілақыны төлемеу керек. Сатушымен барлық келісілген мәмілелер кооперативтің құзырына кірмейді.
№ 3 қадам.
Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті үлескердің өкілі тапқандығын рәсімдеу бөліміне хабарлау.
Егер барлық тапсырылған құжаттар талапқа сәйкес болса, онда рәсімдеу бөлімі барлық құжатты арнайы комиссия мүшелеріне тапсырады. Комиссия мүшелері оң нәтиже берсе, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке әрі қарай рәсімдеуге жібереді.
№ 4 қадам.
Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті ресімдеу үшін құжаттар.
Мүлікті рәсімдеу үшін Ақтөбе қаласындағы бас кеңсеге келесі құжаттар тапсырылады немесе барлық құжатты электрондық поштаға сканерленген түрде жібереді. (hqurotdel@mail.ru)
Рәсімдеуге қажетті құжаттар:
* Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті «Бағалау» түпнұсқада;
* Сатушының жеке куәлігі (мерзімі жарамды);
* Сатушының 20 сандық шот нөмірі (анықтама түрінде);
* Жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты;
* Кепілдікте жоқтығы туралы Egov.kz - тең анықтама;
* Үлескер Egov.kz - тең бірінші несие бюросынан құжатты;
* Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (Egov.kz);
* Үлескердің жұмыс орнынан немесе жұмысының жоқтығы туралы анықтама (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама);
* Жұбайының жұмыс орнынан немесе жұмысының жоқтығы туралы анықтама (жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама);
* Үлескердің сапалы фотосы;
* Егер ЖК болса, "ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" (егов);
* Сақтаныру туралы міндеттеме (жеке кабинетен жүктейді).
* Неке туралы куәлік немесе некені бұзу туралы куәлік;
* Жұбайының жеке куәлігі;
* Жарғымен танысқаны туралы өтініш.
№ 5 қадам.
Үлескердің үлес жарналарын салыстыру.
Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті рәсімдеу алдында үлескердің ай сайынғы үлес жарналары туралы бухгалтерлік есеп бөлімімен салыстырып тексеру жүргізіледі. Ай сайынғы үлес жарналары уақтылы төленбеген жағдайда, төлем бойынша берешек өтелгенге дейін ресімдеу тоқтатыла тұрады.
№ 6 қадам.
Бағалау.
Талапқа сәйкес, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті үлескер міндетті түрде өз есебінен ТК серіктесінен бағалау жасауы тиіс. Бағалау құны үлескердің бағдарламасына тең немесе одан көбірек болуы тиіс. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік объектісін сатып алу шартын жасау үшін үлескерге тиісті мүлікті іріктеуге 1 (бір) ай уақыт беріледі.
№ 7 қадам.
Рәсімдеу бөлімінен арнайы құжаттардың жіберілуі.
Өкілге жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге қажетті келесі құжаттар жіберіледі:
* Шешім (жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік);
* Хабарлама (жылжымайтын мүлік);
* Сенімхат (жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік);
* Жинақтау шартына қосымша келісім (жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік);
* Жеке төлем кестесі (жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік);
* Кепіл шарты (жылжымалы мүлік);
* Кепілді тіркеу туралы өтініш (жылжымалы мүлік).
№ 8 қадам.
Нотариуспен уақытты белгілеу.
Қала өкілі, сатушы және ТК үлескері сатып алынып жатқан өңірден, яғни сол қаладағы нотариуспен бір уақытты белгілейді. «Рәсімдеу» бөлімінен нотариуске қажетті құжаттарды жібереді.
Назар аударыңыз! Құжаттар Ақтөбе уақыты бойынша сағат 15:00 ге дейін қабылданады. Егерде осы уақыттан кейін жіберілсе, сатушының ақшасы келесі күні түсетін болады.
№ 9 қадам.
Сақтандыру шарты.
Үлескер міндетті түрде ресімделетін күні сатып алынып жатқан жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке сақтандыру төлемін төлеуге тиіс. Нақты соммасын бас кеңседен хабарлайды. Сол төленген сомманың чегін міндетті түрде қала өкілі «Рәсімдеу» бөлімінің жұмыс нөмеріне немесе жұмыс электрондық поштасына жіберуі тиіс. (hqurotdel.@mail.ru). Сатып алынған жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктің толық өтегенге дейін үлескер міндетті түрде сақтандыру шартын жыл сайын мүліктің қарыз қалдығына сақтандыру қажет.
№ 10 қадам.
Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке бейне есеп.
Қала өкілі міндетті түрде ресімделетін күні сатып алынған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікке бейне есебін ұсынуы тиіс. Арнайы телеграмм каналына жіберуі міндетті. «Рәсемдеу» бөлімі сол бейне есептің толық жіберілгенің және де сапасын мамандар арқылы анықтайды.
№ 11 қадам.
Сатушыға тиісті ақшасын жіберу.
Сатып алынған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік сатып алу - сату шартының нотариаттық мәмілесі жасалғаннан кейін, қала өкілі сканерлеу арқылы сатып алу – сату шартын «Рәсімдеу» бөлімінің жұмыс поштасына жібереді. Осы құжаттар толық тексерілгеннен кейін, «Рәсемдеу» бөлімі аз уақыт ішінде тексеріп, бухгалтерлік есеп бөліміне ақша аударылуға тиісті құжаттарды жіберіледі. Бухгалтерлік бөлімге «Рәсемдеу» бөлімінен құжаттар келіп түскен жағдайда, ақшасын міндетті түрде сол бойы тапсырылған Қазақстанның кез келген банкке жібереді. Егерде, сатушының ақшасы түспеген жағдайда, банк үш банктік күн ішінде сатушының ағымдағы шотына ақша аударылады.
Назар аударыңыз!
Сатушының ақшасы түспей жатырса қатты алаңдаудың немесе жұмыс нөмеріне қайта-қайта қоңырау шалып, жазып, басқа мамандарға шығудың қажеті жоқ. Сондықтан да сабырлық сақтауларыңызды өтінеміз.
№ 12 қадам.
Кепіл шарты.
Мемлекеттік тіркеуден хабарлама шыққаннан кейін үлескер аймақтық өкілмен нотариаттық келісім - кепіл шартын жасайды.
Кепіл шартын жасасқаннан кейін жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік құжаттарының түпнұсқалары яғни, (жылжымайтын мүлікке: сатып алу – сату шарты, кепіл шарты, техникалық төқұжат), (жылжымалы мүлікке: жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, автокөлікті кепілге қою шарты) Ақтөбе қаласының мұрағатына тапсыру үшін Өңірлік өкілге беріледі. Өңірлік өкіл үлескерге жинақтау шартына қосымша келісімді және жеке төлем кестесін береді.
№ 13 қадам.
Жеке төлем кестесі және онлайн дауыс беру.
Сатып алынған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік толық өтегенге дейін үлескер міндетті түрде жеке кестеге сәйкес ай сайынғы төлемдерді төлеуге және апта сайын дауыс беруге мінддетті түрде қатысуы тиіс.
- 43. Үлес жарналарын бөліп алуға болама?
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы №197-II "тұтыну кооперативі туралы" Заңына және кооперативтің 28.03.2019 жылғы Жарғысына сәйкес үлескер кооператив мүшелерінің құрамынан шыққан жағдайда ғана үлестік жарналарды толық қайтару көзделген.
- 44. Сенім поштасы
Құрметті үлескерлер, сондай-ақ біздің кооперативтің жаңадан кірген ұлескерлері!
БІЗ СІЗДЕРДІ «ELL QUATY» ТК ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!
Егер сізде ұсыныстар, ескертулер болса немесе Сіздің құқықтарыңыз бұзылса, біздің кооперативтің бағдарламалары туралы жалған ақпарат алсаңыз, кооператив әкімшілігіне жазбаша түрде hqkense@mail.ru поштасы арқылы хабарласа аласыз
Біздің бағдарламаларымызды пайдаланғаныңыз үшін рахмет!
- 45. "ELL QUATY" ТК-ніңе үлескерлерге хабарламалар, хаттар және басқа да хат-хабарларды жіберу тәртібі қандай?
- Барлық шығыс хат-хабарларды (хабарламалар, хаттар, хабарламалар және т. б.) ТК-нің үлескерлеріне/мүшелеріне ТК әкімшілігі пошта жөнелтімдері, Курьерлік қызмет, қолма-қол, электрондық пошта, "Instagram" әлеуметтік желісі, "Telegram", "Whatsapp" мессенджерлері, СМС хабарламалар, "Skype" және өзге де қолжетімді мессенджерлер арқылы, Үлестік жинақ шартында, келісім-шартқа қосымшасында, сауалнамаларда, өтініштерде, үлескерлер/ТК мүшелері толтырған және берген мекен-жайларға, аккаунттарға, телефон нөмірлеріне жібереді. Көрсетілген шарттар сақталған жағдайда, ТК үлескерлеріне/мүшелеріне жіберілген хат-хабар тиісті түрде жіберілген және тапсырылған болып есептеледі.
- Үлескерлер/ ТК мүшелері жоғарыда аталған сервистердің жұмыс істеуін, логиндер мен парольдердің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға және ТК басшылығына осындай өзгеріс болған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өзінің деректемелеріндегі, пошталық және электрондық мекенжайларындағы, телефон нөмірлеріндегі кез келген өзгерістер туралы хабарлауға міндетті. Әйтпесе, хат-хабарларды алмауға қатысты шағымдар қабылданбайды.
- 46. «ELL QUATY» ТК арқылы сатып алынған пәтерлерді жалға беруге болады ма?
ТК жалға беруге кедергі келтірмейді.
- 47. Сайтта немесе құжатта Тәлімгерді ауыстыруға болады ма?
Бастапқы арыз бойынша тәлімгер орны қалай тіркелсе сол күйінше ешқандай өзгертусіз қалады.Яғни сайтта және құжатта тәлімгерді өзгертуге болмайды. Егер де тәлімгер көрсетілген орын бос болса да еш өзгертусіз қалады, сол себепті арызды және сайтты толтыру барысында мұқият болыңыздар!
Ескерту: Кооператив сайтында жаңа үлескерді тіркеу барысында, сол үлескердің тәлімгерінің жеке кабинеті арқылы тіркелуі маңызды, себебі қай үлескердің жеке кабинетінен тіркелсе сол үлескер тәлімгер болып енгізіледі
- 48. Өзара жинақтарды беру туралы келісім болған жағдайда "белсенді үлескер" мәртебесі беріледі ме?
Үлескерлер кооперативке үлес жинақтарын беру туралы келісім негізінде шыққан үлескерлердің орнына кірген жағдайларда, "белсенді үлескер мәртебесін оларды шақырған үлескерге беру мүмкін емес, өйткені шығарылған үлескерді шақырғаны үшін бұрын құқықтарын берген үлескерлерді шақырған үлескерге "белсенді үлескер" мәртебесі берілген болатын.
- 49. Үлестік жарналарды алдын-ала бірнеше айларға төлеуге болады ма және қалай?
Үлестік жарналарды алдын-ала бірнеше айға төлеуге болады, ол үшін ең алдымен коопративке төленген соманы айларға бөлу туралы өтініш жазуыңыз қажет (қандай сома төленді, қашан және қай айларға бөлу керек), содан кейін ғана ақшаңызды төлейсіз.
Ескерту! Төленген соммаларды өтіп кеткен айларға енгізу мүмкін емес, тек алдағы айларға ғана бөліп жасауға болады
- 50. Жаңа үлескерлерді тіркеу
Жаңа үлескерлерді тіркеу:
- Жеке кабинетке кіріңіз. Тәлімгердің жеке кабинетінен кіру міндетті шарт;
- «Жаңа үлексер» бөлімін таңдаңыз;
- Жаңа үлескердің (аты-жөні; ЖСН; туған күні; телефон нөмірі; облысты, қаланы, (кент немесе ауыл) көшені, үйді және пәтер нөмірін көрсете отырып, толық мекенжайы) деректерін енгізіңіз, тәлімгерді, позициялық тәлімгерді (бар болса) және презентация өткізген адамды міндетті түрде көрсетіңіз;
- мәлімделген жылжымайтын мүлік сомасы; міндетті шарт мыналарды жүктеңіз фотосуреттер ( жеке куәліктің 2 жағы, төлем туралы түбіртектер, үміткердің фотосуреттері, түпнұсқа өтініш);
- Бас кеңсеге құжаттар келіп түскеніне көз жеткізу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша өңірлік өкіліңізбен байланыса аласыз;
- Жанадан кіріп жатқан үлескерді әкімшілік Бухгалтерия осы кандидаттың төлемдерінің түсуін растағаннан кейін ғана тіркейді;
- Кіруге үміткер кейін жалпы жиналыстың хаттамасына енгізіледі;
- Сондай-ақ қағаз жеткізгіштегі толтырылған құжаттар, атап айтқанда (кіру өтініші, жинақтау шарты, жеке куәліктің көшірмесі, төлем туралы түбіртектің көшірмесі) Өңірлік өкіл арқылы Ақтөбе қаласының бас кеңсесіне жіберіледі.
- 51. ТК мүшелері/үлескерлері туралы, олардың жинақтары туралы, олардың өз міндеттемелерін орындауы/орындамауы туралы ақпарат және өзге де ақпарат кімге (қай тұлғаларға) ұсынылады?
ТК мүшелері/үлескерлері туралы, оның ішінде олардың үлес жинақтарының мөлшері туралы, олардың өз міндеттемелерін орындауы/орындамауы туралы кез келген ақпарат/мәліметтер тек қана ТК үлескелерін/мүшелеріне не тиісті сенімхатты ұсынған олардың өкілдеріне ұсынылады. Сондай-ақ, мұндай ақпарат қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алуға құқығы бар құқық қорғау, мемлекеттік және өзге де ұйымдарға ұсынылады. Кез келген үшінші тұлғаларға, туыстарына, жұбайларына, достарына, ТК үлескерлерінің/мүшелерінің таныстарына және басқа да тұлғаларға ТК мүшелері/үлшескерлері туралы ақпарат/мәліметтер берілмейді.
- 52. "ELL QUATY" ТК-де шешім қабылдау тәртібі қандай?
ҚР "Тұтыну кооперативі туралы" Заңының (18-бап) талаптарына сәйкес кооперативтің жоғары басқару органы оның қызметіне қатысты барлық мәселелерді шешуге өкілетті жалпы жиналыс болып табылады.
Жалпы жиналыстар, егер оларға тұтыну кооперативі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады. Жалпы жиналыстың шешімі, егер оған жиналысқа қатысқан мүшелердің жартысынан көбі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Бұл ретте тұтыну кооперативінің әрбір мүшесі жалпы жиналыстың шешімдерін қабылдау кезінде оның тұтыну кооперативінің мүлкіндегі үлесінің шамасына қарамастан бір дауысқа ие болады.
Тұтыну кооперативінің жалпы жиналысы тұтыну кооперативінің қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы (осыған ұқсас ережелер "ELL QUATY" ТК жарғысында да бар).
Жалпы жиналыстың шешімдері кооперативтің басқару органдары үшін де, кооперативтің барлық мүшелері үшін де, кооператив мүшесінің жалпы жиналыста қандай да бір шешім қабылдауға қалай дауыс бергеніне қарамастан, міндетті болып табылады, өйткені "Тұтыну кооперативі туралы" ҚР Заңының 15 – бабына сәйкес тұтыну кооперативінің мүшелері:
1) жарғыны сақтауға;
2) жалпы жиналыстың, атқарушы, бақылау және өзге де органдардың шешімдерін орындауға міндетті;
3) тұтыну кооперативі алдындағы оның қызметіне қатысу жөніндегі өз міндеттемелерін орындауға міндетті.
- 53. Тұтыну кооперативi мүшелерiнiң мiндеттерi
Тұтыну кооперативі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197 Заңына сәйкес Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi:
1) жарғыны бұзбауға;
2) жалпы жиналыстың, атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының шешiмдерiн орындауға;
3) тұтыну кооперативi алдындағы оның қызметiне қатысу жөнiнде жарғыда белгiленген өз мiндеттемелерiн орындауға;
4) жарғыда белгiленген мөлшерде, тәртiп пен мерзiмде мүлiктiк (пайлық) жарна төлеуге мiндеттi.
Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да мiндеттердi атқаруы мүмкiн.